Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер Конституция күнін атап өтті

Ақтөбелік полицейлер Конституция күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz

27 тамызда ҚР Конституциясы күні қарсанында Ақтөбе облысы Полиция департаментінде мерекелік іс-шара өтті.

– 30 тамызда біз еліміздің басты мерекесін атап өтеміз. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдында басты міндет тұр – азаматтарды тәртіпті қамтамасыз ету және қорғау. Біз еліміздің азаматтарының сенімін ақтауға және тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоты болуға бар күш – жігерімізді салуымыз керек, – деп атап өтті өз сөзінде Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов.

Жеке құрам Ішкі істер министрлігінің және департамент бастығының бұйрықтарымен таныстырылды. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ішкі істер министрінің құқықтарымен, ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен бір қызметкер, ҚР ІІМ грамотасымен төрт қызметкер, “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен екі қызметкер, I және II дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен бес қызметкер, алғыс хатпен – 4, сегіз қызметкерге алғыс жарияланды.

Бұдан басқа, үш қызметкерге мерзімінен бұрын арнаулы атақ және екі қызметкерге бір саты жоғары арнаулы атақ берілді. ПД бастығының бұйрығымен 10 қызметкерге Құрмет грамотасы және 6 алғыс хат берілді.

Сонымен қатар, осы мереке күні Ақтөбе облысының Полиция департаментінде қызмет атқарып жүрген 12 жас полицей салтанатты түрде ант қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру