Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Ақтөбелік полицейлер журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов өңір журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Департамент бастығы Ішкі істер органдарының жұмысы қоғам тарапынан ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті. Күн сайын тәртіп сақшыларының қызметі туралы ондаған мақалалар, сюжеттер, репортаждар жарияланады.

– Сіздерге қылмыспен күресте және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға баға жетпес үлес қосқандарыңыз үшін алғыс айтқымыз келеді. Мәселелерге немкұрайлық танытпайсыздар. Біз сіздермен әрі қарай да белсенді ынтымақтасуға дайынбыз және сындарлы диалог жүргізуге әзір екендігімізді көргенімізге қуаныштымыз, – деп атап өтті Атығай Арыстанов.

БАҚ-та қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шараларды жариялауға үлес қосқаны үшін, полиция имиджін көтергені үшін журналистер Департамент басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру