Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада мүгедектігі бар адамдарға арналған тұраққа көлігін қойғандар жауапқа тартылды

Ақмолада мүгедектігі бар адамдарға арналған тұраққа көлігін қойғандар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың басынан бастап 113 ақмолалық көлігін “мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрақ” белгісі бар тұраққа қойғаны үшін жауапқа тартылды.

Ақмола полицейлері жыл бойы жол қозғалысына қатысушылардың назарын мүмкіндігі шектеулі адамдарға және олардың құқықтарына мұқият және құрметпен қарау қажеттілігіне аударады, мүгедек адамдар үшін бөлінген тұрақ орындарын тексеруді ұйымдастырады.

Мәселен, 2021 жылдың басынан бері ақмолалық полицейлер 113 автокөлік иесі мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орындарда көлік тұрағы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрақ ережелерінен басқа, полиция қызметкерлері жол белгілерінің сәйкестігін тексереді, ал бұзушылықтар болған жағдайда ұйғарымдар шығарады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 597-бабының 4-бөлігіне сәйкес (Мүгедек адамдарға арналған орындарда көлік құралдарын қою немесе тоқтату қағидаларын бұзу) – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, бұл қазіргі уақытта 29 170 теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру