Ақтөбелік тұрғын құрылыс алаңынан 2 млн теңгенің құралдарын ұрлап кетті
Ақтөбелік тұрғын құрылыс алаңынан 2 млн теңгенің құралдарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12-14 наурыз аралығында Батыс-2 шағын ауданында салынып жатқан объектіден 12 ақ түсті жылыту батареясы, екі кондиционер, екі перфоратор құралдары бар жәшік, 50 метр ұзартқыш пен басқа да құралдар ұрланған. Шығын көлемі 2 млн теңгеден асты.
Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 27 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Ұрланған құралдар тәркіленді.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.