Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында “Мигрант” іс-шарасы аясында 12 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

Түркістан облысында “Мигрант” іс-шарасы аясында 12 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, сондай-ақ заңсыз көші-қонмен байланысты құқыққа қайшы өзге де іс-әрекеттерді анықтау мақсатында облыс көлемі бойынша 10-17 наурыз аралығында “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шара барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің барлық аудан, қалалық полиция бөлімдерінде қарқынды жұмыс атқарылуда.

Мәселен, Ордабасы аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 3-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бес әкімшілік хаттама толтырылды, салынған айыппұл толығымен өндірілген.

ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 28 әкімшілік хаттама толтырылып, 12 шетел азаматы Ордабасы аудандық сотының шешіміне сәйкес әкімшілік жолмен ҚР аумағынан шығарылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 11 әкімшілік хаттама толтырылып, Ордабасы аудандық сотының шешіміне сәйкес екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабының 1-бөлігімен (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) – 7, 519-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) үш  әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан қалалық ПБ-ға бес қаңғыбас жеткізіліп, сот шешіміне сәйкес қамауға алынды. Аталған іс-шара аудан көлемінде жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру