Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері тұрғыннан қару-жарақ арсеналын тәркіледі

ШҚО полицейлері тұрғыннан қару-жарақ арсеналын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері аймақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, Өскемен қаласындағы гараждардың бірінде қоймаға жасырылған қару-жарақ арсеналын тапты.

Тінту кезінде 7,62 мм калибрлі ТТ жауынгерлік тапанша табылды. Дәл сол тапаншада қосымша 9 мм-ден атуға арналған қолдан жасалған ауыстырылатын ұңғы болды. ИЖ-18 кесілген шолақ мылтық, әртүрлі оның ішінде тиісінше 5.45, 7.62 және 9 мм калибрлі 450-ден астам мөлшерде оқ-дәрілер тәркіленді.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген барлық қарулардың жағдайы жақсы және атуға толық жарамды.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей, осы факті бойынша 47 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру