Ақтөбелік тұрғын жалған банк қызметкеріне алданып қалды
Ақтөбелік тұрғын жалған банк қызметкеріне алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскүнемдер адамдарға қоңырау шалып, өздерін қауіпсіздік қызметкерлері деп таныстырады және пайдаланушылардан алдап қаражат алуға тырысады. Өкінішке орай, көп адамдар алаяқтардың әрекеттерінен зардап шекті.
Осындай алаяқтыққа 28 жастағы ақтөбелік тап болды. Оның телефонына екінші деңгейдегі банктің қызметкері деп таныстырған бейтаныс адам қоңырау шалған. Күдікті ақша қаражатын қауіпсіздендіру сылтауымен сенімге кіріп, заңсыз картадан шамамен 3млн теңге ақшаны шешіп алған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті алаяқтық жағдайлардың алдын алу үшін ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттар мен карталарға қатысты SMS-код және басқа да дербес ақпаратты айтуға болмайтының ескертеді.