Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер ашық марафон ұйымдастырды

Маңғыстаулық полицейлер ашық марафон ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясының 30 жылдық мерекесіне орай Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басқарма, дербес бөлім қызметкерлері және қала тұрғындары арасында қашықтығы 7 шақырымды құрайтын, бір шағын аудандағы Ақбота саябағынан 15 шағынауданда орналасқан Амфитеатрға дейінгі аралықта ашық марафон жарысы өткізілді. Аталмыш іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері мен қала тұрғындары арасында мерекелік марафон ұйымдастырудағы мақсат – азаматтардың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, шығармашылығын дамыту және салауатты өмір салтына баулу.

Жарыс қорытындысы бойынша 15 қатысушы жүлделі орын иеленді. Оның ішінде 30 жасқа дейінгі ерлер арасындағы біріншілікте бірінші орынды Абдижамалов Парахат иеленсе, 40 жасқа дейінгі ерлер арасындағы біріншілікте бірінші орынды Мұрат Мақсат алды. Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы біріншілікте – Канавалов Ян мен Асланова Дильназ жеңімпаз болып танылды.

Ведомство басшылығы аталған іс-шараны ұйымдастырушылар мен марафонға белсенді қатысып, шеберліктерін танытқан барлық қатысушыға алғыс айтып, медальдар мен мақтау қағаздарын табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру