Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында сотталғандар армандар картасын жасады

Ақмола облысында сотталғандар армандар картасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты ЕЦ-166/23 мекемесінің психологтары сотталғандарға армандар картасын немесе өмір сценарийін жасауды ұсынды. Бұл ұсыныс сотталғандарды бірден қызықтырмады. Бірақ мекеме психологы Людмила Нечайкина сабаққа қатысушылардың көзқарасын зерттеп, теориядан бастауға шешім қабылдады.

​ ​ ​ – Қатысушылар өздерінің қалаулары бойынша танымал журналдарды қарап шығып, жанға әсер ететін суреттерді қиып, қағазға жабыстырды. Бұл шынымен де жұмыс істейді. Ең бастысы – жаныңызға жақын суретті таңдауыңыз қажет және тілектеріңіз тек жағымды эмоциялар тудыру керек, – дейді колония психологы Людмила.

– Мен үшін армандарымды сурет арқылы жеткізу оңайырақ. Тілектерімді бейнелеу үшін бар күшімді салдым, – деп бөлісті жазасын өтеуші.

Барлық карталар мен сценарийлер дайын болған кезде, әр автор өз жұмысын ұсынып, қандай жоспар құрып отырғанын және алдағы мақсаттарымен бөлісті.

– Маған осындай жұмыс форматы ұнады. Мақсатыма жету үшін не керектігін білдім, сондай-ақ өз өмірімді жақсы жаққа өзгерту үшін жасайтын қадамдарымды анық көре бастаған сияқтымын, – деп өз әсерімен бөлісті сотталған адам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру