Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық полицейлер тергеу изоляторларына барып қайтты

Көкшетаулық полицейлер тергеу изоляторларына барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері ҚАЖ мекемелеріндегі тыйым салынған заттардың тізімімен танысты, сондай-ақ бұл бұндай заттарды тергеу изоляторына алып келгені үшін қандай жауапкершілік күтетіні туралы айтылды.

Алдымен мекеме бастығының орынбасары Жамбыл Мәдеев әріптестерін тергеу изоляторлары қызметінің ерекшеліктерімен таныстырды.

Ерекше экскурсияға қатысушылар күдіктілер мен айыпталушыларды ұстауға арналған камераларға барып, қамауға алынған адамдарды ұстау жағдайымен және камералық ұстаудың материалдық-тұрмыстық жабдықталуымен танысты.

ПБ батальонының полицейлеріне тұтқындарды камерадан шығару, азық-түлік тарату, сондай-ақ бейнебақылау жүйесі арқылы тергеу жүргізіліп жатқан БҚ-ны бақылау, бейнені мекеменің кезекші бөліміне шығару тәртібі көрсетілді.

– Қызметке жақында келдім, тергеу изоляторында ешқашан болған емеспін. Тек теледидардан көретін едім. Мұндай экскурсияларды жоғары сынып оқушылары мен жастар үшін өткізу керек. Менің ойымша, құлыптар мен торлар ұзақ уақытқа естеріне қалады, – дейді жас полиция қызметкерлерінің бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру