Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық ер адам мопедті ұрлады деген күдікпен ұсталды

ақмолалық ер адам мопедті ұрлады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі дөңгелекті көліктің ұрлануы осы жылдың маусым айында Атбасар қаласында тіркелді. Өтініш берушінің айтуынша, үйдің подъездінің жанында тұрған RACER-50 мопеді қаскөйлер үшін оңай олжа болған. Атбасарлық тұрғын шығынды 350 000 теңгеге бағалады.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Атбасар полиция қызметкерлері ұрлыққа белгілі тұрғылықты жері жоқ 31 жастағы жергілікті тұрғын қатысқанын анықтады.

Қылмыс жасалған түні күдікті жолдасымен бірге мопедті көріп, оған мініп, ұрлап кеткені белгілі болды. Түнгі сапар кезінде ер адамдар жол-көлік оқиғасын жасап, мопедке механикалық зақым келтірген. Алайда, оған қарамастан, олар ұрланған мопедті кездейсоқ танысқа 5 000 теңгеге сатып жіберген.

Сондай-ақ, ұсталған азаматтың Атбасар аумағында тағы да бірқатар қылмыс жасағаны анықталды, соның салдарынан оған қатысты “қамауға алу” бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу аясында полиция мопедті сатып алушыны тауып алғанымен ол көлікті үшінші тұлғаға қайта сатқан.

Сонымен қатар, полицейлер ұсталған адамның жолдасының орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру