Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада пробация есебіндегі сотталған колонияға қайтарылды

Ақмола облысында пробация қызметінің есебіндегі сотталған жалпы режимдегі колонияға қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола пробация қызметінің есебінде жазаны өтеу шарттарын қасақана бұзғаны үшін, үйде болған кезде бас бостандығын шектеу түріндегі жаза мерзімінің қалдығы, бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

Ашық сот отырысында мал ұрлығы үшін пробациялық бақылауда тұрған 30 жастағы Нұрманға қатысты пробация қызметінің ұсынысы қарастырылды. Еш жерде жұмыс істемей, Нұрман ұзақ уақыт бойы ұсақ ұрлықпен айналысқан. Бірақ әр жолы бәрінен құтылып, ауыл тұрғындарымен келісімге келіп отырған. Бұл жолы жазасыздыққа үйренген достарымен ішімдік ішкен жігіт ауылдастарының жылқысын ұрлап кеткен. Сатып үлгермеген Нұрманға жоғалған жылқының иесі келген.

Петропавл қалалық сотының шешімімен ол үш жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

“Рақымшылық туралы” Заңға сәйкес 1/3 мерзімге қысқартылды. Шамасы сотталғандық оған тым әсер етпегендей, бәрі оңай болды. Нұрман заңды талаптарды бұза бастады. Уақытында белгіленуге келмей, жұмысқа үнемі кешігіп келіп жүрген, кейін мүлдем жұмысқа баруды тоқтатқан.

Сот шешімі бойынша пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, Нұрманға бас бостандығын шектеу түріндегі өтелмеген жаза мерзімі бір жыл үш ай мерзімге ауыстырылды.

Сот отырысына осындай бұзушылықтарға бейім сотталған оның «бақытсыз жолдастары» да шақырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру