Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола колониясының сотталғандары көкөніс пен жидектерді жинауда

Ақмола колониясының сотталғандары көкөніс пен жидектерді жинап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЕЦ-166/4 мекемесінің сотталғандары бақшаларында баялды мен кәді, қызанақ пен қияр, хош иісті құлпынай және үрме бұршақ, жүгері және басқа да көкөністерді өсіреді. Әуесқой бағбандар айналаны көгалдандыру туралы да ұмытпады.

– Мен өзім жергілікті тұрғынмын, бұрын жақын жерде тұрдым, сотталғанға дейін мен түрлі дақылдарды өсірдім. Жақсы өнім алу үшін жермен жұмыс істеуді білу керек, оны күтіп ұстау керек, – деп бөлісті сотталғандардың бірі.

Сотталғандар жыл сайын бау-бақша егеді. Асхананың үстелі жаз бойы көкөніске мол, олардан әртүрлі тағамдар дайындайды.

 – Бақшада жұмыс істеу өте қызықты. Мұңды ойлардан алшақтатады, жаныңмен демаласың, ойың үйге, отбасыңа жақындай түседі, – деді сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру