Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда ер адам дүкен кассасынан ақша жымқырған

Таразда дүкен кассасынан ақша жымқырған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы Полиция басқармасына қала тұрғынынан мөлтек аудандардың бірінде орналасқан балаларға арналған киімдер сататын дүкеннің кассасынан белгісіз тұлғаның 100 мың теңге көлемінде ақша ұрлағандығы жайлы арызданған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны анықталды. Күдікті Алматы қаласындағы мөлтек аудандардың біріндегі пәтерде жасырынған. Ұсталған азамат тез арада ақша қажет болғандықтан, кассадан ақша алғандығын және бейнебақылау камерасын байқамағандығын айтты.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру