Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында балалардың қатысуымен 24 жол апаты тіркелді

Атырау облысында жыл басынан бері балалардың қатысуымен 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бүгінде облыс бойынша білім беру мекемелері маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда. Оның ішінде арнайы жол белгілерін орнату да бар.

Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын “Абайлаңыз, балалар!”, “Қауіпсіз жол”, “Мектепке жол” және тағы басқа жедел-профилактикалық шаралар өтіп тұрады.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылы аясында бірқатар шаралар да өткізіліп келеді.

– Балалар жылы аясында өткізетін шаралардың арнайы жоспарын құрдық. Олар имидждік, патриоттық, қайырымдылық және профилактикалық мақсатты көздейді. Қазір кейбір іс-шаралар өтіп жатыр. Жалпы, жыл басынан облыста балалардың қатысуымен 52 факт тіркелген. Өкінішке орай ЖКО салдарынан екі бала ажал құшты. Жолда 53 бала жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда балалардың өлім көрсеткіші 57,1%-ға төмендеп отыр. Бірақ бұл сандардың өзі ата-аналарды уайымдатуы тиіс. Сондықтан балаларды арнайы авто орындықтарға отырғызып, қауіпсіздік талаптарын толықтай сақтауға шақырамыз, –  деді Ерлан Биғамбаев

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру