Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бала күтуші жұмыс берушілерінен 3 мың АҚШ долларын ұрлап кетті

Нұр-Сұлтанда “Есіл” ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде үй иелерінен ақша ұрлады деген күдікпен күтуші болып жұмыс істеген әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында 31 жастағы әйелдің аталған отбасына бала күтуші болып жұмысқа орналасқаны анықталды. Ол бір ай жұмыс істегеннен кейін шкафта жатқан ақшаны байқайды. Кейін үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, мезгіл-мезгілімен ұрлық жасаған. Жалпы ол 3 000 АҚШ долларын ұрлаған. Бір күні үйдің иесі ақшаның жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген.

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру