Ақтөбелік тұрғыннан танысы қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, қашып кеткен
Ақтөбелік тұрғыннан танысы қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 тамызда полицияға 21 жастағы жергілікті тұрғын арыз қалдырған. Жәбірленушінің айтуынша, алыс танысы телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, қашып кеткен.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 27 жастағы Ақтөбе тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол жасаған қылмысын мойындады. Күдікті ұрланған телефонды ломбардқа тапсырып, алған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да заң бұзушылық әрекеттерге қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.