Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік жігіт тұрғын үйден велосипед ұрлаған

Ақтөбе облысында жыл басынан бері велосипед ұрлығының 76 фактісі тіркелді, оның 47-сі полиция қызметкерлерімен ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті ақтөбеліктерден өз меншігіне мұқият карап, жеке мүлікті ұрлау фактілерін болдырмау үшін барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қолдануын сұрайды. Сақтау шараларына қарамастан велосипедтерді ұрлау фактілері тіркелуде, олар телефондармен және әмияндармен қатар қылмыстық қол сұғушылыққа бейім.

Осылайша, велосипед ұрлығының тағы бір фактісі полиция қызметкерлерімен ашылды. 16 маусым күні сағат 9.00-20.00 аралығында белгісіз адам құны 42 мың теңге тұратын «FNIX» маркалы велосипедті ұрлап кеткен. Велосипед «Қарғалы» тұрғын үй кешенінің көп қабатты үйдің баспалдақ алаңында тұрған.

Полиция қызметкерлері бақылау камераларынан бейнежазбаны алып, нәтижесінде қылмыскерді анықтап, күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Ол 1996 жылы туған ақтөбелік болып шықты.

Велосипедтерді ұрлаудың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері базаны құрды, оған кез-келген адам патрульге барып велосипедті тіркей алады. Негізінен велосипедтерді көп қабатты үйлердің баспалдақ алаңдарынан және жеке меншік үйлердің аулаларынан жұмыс күндері ұрлайды.Өйткені тұрғындар өздерінің велосипедтерін қараусыз қалдырады және өз мүліктерін сақтау үшін тиісті шаралар қолданбайды. Ұрлықтан қорғаудың әдісі-велосипедті қараусыз қалдырмау. Түрлі құлыптар, дабылдар және басқа да тәсілдер уақытша ғана кедергі болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру