Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полициядан қашқан мас жүргізуші үй ауласындағы қоршауға соқты

Патрульдік полицейлер Қарағандыда ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 маусым шамамен сағат 22.00-де Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің автопатрулі Ермеков көшесіндегі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп бара жатқан “BMW” автомашинасын байқап қалған. Автомашинаның жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы заңды талаптарын елемей өтіп кеткен.
Ізіне түсу кезінде құқық бұзушы қатты жылдамдықпен тұрғын үйлердің бірінің ауласына бұрылған, сол мезетте аулада адамдар болған. Сәті түсіп, кездейсоқтық жағдай орын алған жоқ. «БМВ» жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, қоршауға соғылады.


Ізіне түскен автопатруль оны бұғаттап алды. Сонда да ол полиция қызметкерлерінің автокөлік салонынан шығу туралы заңды талаптарын елемейді. Патрульдік полицейлерге автокөліктің бүйір шынысын сындырып, от алдыру кілтін алып алуға тура келеді.

Ұсталғаннан алкогольдің иісі шығып тұрған 20 жастағы қала тұрғыны болып шығады. Медициналық қараудан кейін жүргізуші полиция бөліміне жеткізіледі.
Бұзақыға қатысты бірден төрт: бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткені үшін, қарама-қарсы қозғалыс бағытына шыққаны үшін, полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны үшін, масаң күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылады.
Материалдар Қарағанды қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру