Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Солтүстік Қазақстан облысында 15 – 18 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» – атты республикалық акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер мен жұртшылық отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шараны жандандырды.

– Акцияның негізгі мақсаты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Полиция департаментінің қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылықтарды жасауға бейім адамдардың, сондай-ақ тұрмыс төмен отбасылардың тұрғылықты жерлері бойынша жұмысты ұйымдастырды. Қорғау ұйғарымдары шығарылған және құқық бұзушылардың мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдарға қатысты белгіленген шектеулерді сақтауына ерекше көңіл бөлінеді, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Акция шеңберінде облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері баспанаға барды. Негізгі мақсат – баспана тұрғындарына ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айту. Солтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы тамыз айында ашылған. Осы жылдар ішінде бұл жерден 70 жуық әйел мен 96 бала көмек пен қолдау тапты. Жұртшылық учаскелік полиция инспекторларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Атап айтқанда, көбіне әйелдер бұл орталықтың жұмысы туралы полицейлерден естиді.

– Мен бұл орталық жайлы естіген соң, бірден Алина Геннадьевна Орловаға қоңырау шалдым. Оларға алғыс білдіремін. Мұнда қажетті заттардың бәрі бар, – дейді 24 жастағы екі баланың анасы. Өмірдің қиын жағдайына тап болған ауылдың бірінің жас тұрғыны тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанадан уақытша пана тапқан.

Биылғы жылдың басынан отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бұзушылық жасағаны үшін СҚО-да 866 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 276 адам әкімшілік қамаққа алынды. 260 адамға қатысты мінез-құлқына ерекше талап белгіленді, 1000 астам отбасы жанжалқойларына қорғау ұйғарымдары шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру