Ақтөбеліктер армян көліктерін тіркеуді жалғастырып жатыр
Ақтөбе облысында Армениядан әкелінген 274 көлік тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусымнан бастап Үкімет қаулысына сәйкес елде ҚР азаматтарының атына Қазақстан Республикасы аумағына Армениядан 2020 жылғы 1 ақпанға дейін кіргізілген, басқару құрылғысы сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталды.
Көлік құралдарын тіркеу үшін көлік иелеріне жеке басын куәландыратын құжат,алым мен баждарды төлеу туралы құжаттар, көлікті тіркеу туралы куәлікті және Армения Республикасының уәкілетті органында берілген мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін ұсынуы қажет. Сондай – ақ құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариуспен расталуы тиіс.
Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Полиция департаментінде Call-орталығы жұмыс істейді, 525-100 телефоны бойынша қоңырау шалып, Көлік құралын тіркеу жайында кеңес алуға болады. Көліктерді тіркеу уақытынан бастап 500- ден астам тұрғын кеңес алып, Армения Республикасынан әкелінген 274 көлік құралы есепке алынды.
Дезинфекциялық іс-шараларды өткізуге байланысты 27-28-маусым күндері мамандандырылған ХҚКО-да құжаттар қабылданбайды.