Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еріктілер шымкенттік полицейлерге алғыс айтты

Еріктілер Шымкент қаласының Полиция департаментінің қызметкерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде 2020 – Еріктілер жылы деп жариялануына байланысты осы салада жас талғамай ерікті атанған әрбір азамат жеті бағытта жұмысын атқаруда. Мысалы, “Bilim” бағыты ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқытуға бағытталған.

“Saýlyq” атты келесі бағыт медициналық еріктілікті дамытып, науқастарға қамқорлық көрсетуді көздейді. Ал “Taza Qazaqstan” жобасы қоршаған ортаны қорғауға үйретеді. Осы секілді жүйелі жұмыстардың негізгі мақсаты тұрғындарға жәрдемдесу, жақсылық жасау. Шымкент қаласында белсенді әрі тұрақты еріктілер қатарындағы Данара Саранова бастаған бір топ жастар Қазақстан полицейлеріне қоғамның қауіпсіздігін, тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етуде атқарған жұмыстарына өз алғыстарын білдірді.

Еріктілер алдағы уақытта да тұрғындарды жақсылыққа үндеу мақсатында полицейлермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын болып уағдаласты. 

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру