Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақжаулықты ана түркістандық полицейлерге алғысын білдірді

Түркістан облысының полицейлеріне ақжаулықты ана уақытылы құтқарып, қауіпсіз жерге көшіруге көмек көрсеткендері үшін алғысын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Мамыр айының басында алаңсыз үйінде шәй ішіп отырған Мақтаарал ауданы Жеңіс ауылының тұрғыны Айсұлу Молдабековаға екі бірдей ұлы қайта-қайта келіп, ауылды су басайын деп жатқанын ескертіп, кетуге тырысады. Алайда, анасы балдарының сөзіне сенбей, үйінде қалып қояды.
Осы кезде жергілікті Мақтаарал аудандық полицейлері бірден әрекетке көшіп, тұрғындарды эвакуациялауға кірісіп кеткен еді. Әрбір үйдің есігін қағып, үйлерінен жиналып шығуын ескертіп жүрді. Кезек Айсұлу Молдабекованың үйіне келіп, полицейлер егде жастағы тұрғынға барлық жағдайды түсіндіріп, тезірек қауіпсіз аймаққа шығу керектігін хабарлайды.

– Полицей балаларыма рахмет, үйге келіп, менің қауіпсіз жерге шығуыма ықпал етті. Әйтпегенде, су астында қалар едік. Әрбір үйге кіріп, жылдамдатуларын ескерткен полицейлердің жұмысын көзіміз көрді. Еңбектері жана берсін, -деп ақжаулықты ана ақ батасын беріп, алғыс айтты.


Естеріңізге сала кетсек, Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасының жарылуы салдарынан Мақтараал ауданын су басып, аумақта техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.  Осы тұста полицейлер тарапынан жедел түрде атқарылып жатқан барлық іс-шараларды ҚР ІІМ қатаң бақылауға алды. Ел-жұрттың амандығы үшін тапсырмалар беріліп, орындалып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру