Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері марапатталды

Аудан әкімі карантиндік іс-шараларда көмек көрсеткендері үшін жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-дағы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Червонное ауылы облыстағы коронавирустық инфекция ошақтарының біріне айналды: онда мамырда үш инфекция жұқтыру фактісі анықталды.

Карантиндік шараларды қамтамасыз ету үшін Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың он қызметкерін аудандық полиция бөліміне көмекке жіберді.

Арнайы бөліністің офицерлері Червонное аулына 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні келді. Олар аудан полицейлерімен және медицина қызметкерлерімен бірге блок бекеттерде қызмет етіп, елді мекенді патрульдеуге қатысып, оқшаулауды сақтау қажеттілігі туралы тұрғындарды хабардар етті. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ офицерлерінің іссапары 15 күнге созылды. Ауылды оқшаулау аяқталғаннан кейін, аудан әкімі Ағзам Тастеміров пен полиция бөлімінің басшысы Айдос Идрисов COVID-19 пандемиясы жағдайында жұмыс істеген кезде көрсеткен кәсіби шеберліктері мен табандылықтары үшін оларға алғыс білдірді. Ағзам Ахметжанұлы жасақ қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.

– Біз сіздердің аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңізді бағалаймыз, — деді ол. — Карантиндік шектеулерді қатаң сақтағанның арқасында қауіпті індеттің таралуына жол берілмегені анық.

Сондай-ақ аудан әкімінің құқығымен пандемия жағдайында жұмыс істегені үшін: Полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Руслан Біржанов, учаскелік полиция инспекторлары Дәуренбек Молдахметов, Дмитрий Смола, аға тергеуші Данияр Сәуленбеков, жедел уәкіл Айдархан Шаршенов марапатталды.

СҚО ПД басшысы Марат Төлебаевтың айтуынша, ТЖ кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күшейтілген түрде жұмыс істегендері үшін облыстың бірқатар полицейлері мен СҚО Полиция депрартаментінің емханасы бар госпиталінің 46 медицина қызметкері сыйақымен марапатталды. Негізгі жүктеме мен ұдайы кезекшіліктер жергілікті полиция қызметтеріне, оның ішінде учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлердің үлесіне тиді. Ішкі істер министрлігіне 35 қызметкер мен үш медицина қызметкерін марапаттау үшін ұсыным жіберілді. Мамыр айындағы мерекелерде төрт полицей облыс әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хатын алды.

Сондай-ақ Ішкі істер министрінің құқығымен тәртіп сақшыларына қолдау көрсеткен бес адам марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру