Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арал ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар психологтың қабылдауында болды

Қызылорда облысы Арал аудандық пробация қызметінің есебіндегі азаматтар психологтың қабылдауында болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арал аудандық пробация қызметінің есебінде  тұратын  азаматтарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмектер жүйелі түрде көрсетіледі. Мысалы, бүгін аудандық емхананың психологы  Р.Прекешова қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған 10 азаматты  қабылдады.  

Психолог сотталғандармен сұхбат барысында олардың моральдық жай-күйіне ерекше назар аударып, әлеуметтік жағдайларын анықтады.

         – Негізі психологтың қабылдауында болып тұрған дұрыс деп есептеймін.  Менде бүгін маманның жеке қабылдауында болдым. Психологпен сұхбаттасу барысында өзімнің жағдайымды айтып, тығырықтан шығу жолдарын сұрадым. Маманның ақыл-кеңесін пайдаланып, өміріме өзгерістер енгізбекпін. Осы шараны  ұйымдастырған пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз, – деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру