Қызылордада 1 күнде заңсыз айналымнан 7 қару алынды
16-18 наурыз аралығында облыс аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараның бірінші күнінде 1116 қару иесі тексеріліп, 19 құқық бұзушылық анықталды. Рейд барысында заңсыз айналымнан жеті қару тәркіленді.
16 наурыз күні Сырдария ауданының 24 жастағы тұрғынынан ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ 1 ұңғылы, 12 калибрлі, нөмірі өшірілген аңшы мылтығы алынды.
Осы тектес құқық бұзушылық Екпінді ауылында д анықталды. 36 жастағы жергілікті тұрғыннан ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ 2 ұңғылы,16 калибрлі, нөмірі өшірілген аңшы мылтығы алынды.
Бұл азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, шара барысында қаруды сақтау ережелерін бұзған төрт азаматқа, қаруды тасымалдау және тіркеу ережелерін бұзған сегіз азаматқа қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.