Аралдық тәртіп сақшылары мал ұрысын қолға түсірді
Аралдық тәртіп сақшылары мал ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне 25 қаңтар күні ауыл тұрғыны жайылымнан екі бас сиырының ұрлағандығы туралы арызданған.
Полиция қызметкерлерімен атқарылған жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол 35 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Айғақ зат ретінде екі бас сиыры алынып, иесіне қол хат арқылы тапсырылды. Күдіктіге қатысты ІІО келу туралы міндеттеме алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.