Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда такси жүргізушісін тонаған күдікті қолға түсті

Қарағандыда такси жүргізушісін тонаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қаңтар күні сағат кешкі 21.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне қаладағы сауда үйлерінің бірінің маңында такси жүргізушісіне қатысты ашық тонау жасалғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

31 жастағы жәбірленуші полиция қызметкерлеріне такси жүргізуші болып қызмет жасайтынын айтып, кезекті клиентті барар жеріне апарған сәтте, күдікті жәбірленушіні қорқытып, ашық түрде оның 100 мың теңге қолма қол ақшасын, алтын сақинасын, сондай-ақ есепшотынан 270 мың теңгесін алып қойғанын түсіндірген. Оған келтірілген шығын көлемі – 570 мың теңгені құраған.

Қылмысты ашу бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес (Тонау) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру