Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс 20%-ға төмендеді

Ақтөбе облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс 20%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерде болуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын сату фактілерінің жолын кесу мақсатында Ақтөбе облысының аумағында ювеналдық полиция инспекторлары күн сайын жергілікті рейдтік жұмыстар өткізеді.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары өткен жылы аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.

2021 жыл ішіндегі жергілікті рейдтік жұмыстардың нәтижесінде ІІО-ға 5714 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның ішінде түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған 88 кәмелетке толмағандар бар.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 216 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

662 жасөспірім және 481 қолайсыз отбасы ІІО есебіне қойылды.

Өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша облыс аумағында кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың 19,8%-ға төмендегені байқалды.

Егер алдын алу жұмыстарына отбасы, жақын орта араласқан болса, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын болдырмауға болады. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының маңызды себебі – олардың моральдық тәрбиесіндегі кемшіліктер. Кәмелетке толмағандардың жас ерекшеліктері осы контингентке психологиялық және әдістемелік тұрғыдан сауатты көзқарасты талап етеді. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы уақытында байқалған ауытқулар және дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық көмек құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға әкелуі мүмкін жағдайлардың алдын алуда маңызды рөл атқара алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру