Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аралдық тұрғын қалтасына кептірілген марихуана салып жүрген

Қызылорда облысының Арал ауданында қалтасына кептірілген марихуана салып жүрген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Өрмекші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 15 қаңтар күні түнде қалтасына өсімдік тектес зат салып жүрген азаматты ұстады. Өсімдік тектес, ерекше иісі бар тәркіленді.

Тексеру барысында ұсталған азаматтың 29 жастағы жұмыссыз аудан тұрғыны екендігі анықталды.

Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттың кептірілген марихуана екені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекуссорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру