Армениядан әкелінген көліктерді уақытша тіркеу жалғасып жатыр
Павлодар полицейлері Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеуді жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл өткен кезеңінде 73 жүргізуші өз көліктерін есепке алды.
Естеріңізге сала кетейік, Армениядан әкелінген автомобильдерді уақытша тіркеу Павлодар облысының төрт ХҚКО-да (Павлодар қ., Екібастұз қ., Ақсу қ., Ертіс ауданы) 2020 жылғы 1 маусымнан басталды.
Барлық автокөлік иелеріне «а» әріптік символымен және 14 өңірімен сары фонда мемлекеттік тіркеу белгілері беріледі.
Айта кету керек, осы тіркеумен автокөлік иелері Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де еркін жүре алады, жыл сайын техникалық тексеруден өтіп, сонымен қатар автомобиль көлігі салығын төлей алады.
Армения Республикасынан келген автокөліктің әрбір иесімен полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, көлікті тіркеу ережелерін түсіндіреді.
Армения Республикасынан әкелінген автокөлік құралдарын тіркеуге қатысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша облыс тұрғындары анықтаманы Павлодар облысы ПД қызметкерлерінен Call-орталығының: 33-38-06 телефоны арқылы ала алады.