Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ризашылық білдіру – полиция қызметі үшін үлкен ынталандыру

Павлодар облысында тұрғындарға көмек көрсеткен полицейлер халықтың алғысына бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 шілде сағат 22.00-де Омбы-Майқапшай автожолында қызмет атқару кезінде жол-патрульдік полиция инспекторлары Байболат Хасенов пен Сейсен Қалиев жол бойында тұрған “Шкода” маркалы автомобильді байқайды.

Жүргізушінің айтуынша, олар Павлодар қаласынан Теренкөл ауылына үйіне бара жатқан екен. Жолда көліктің қозғалтқышы өшіп қалған, өтіп бара жатқан адамдардан қолдау сұрағысы келгенімен, бірде бір жүргізуші тоқтамаған. Полиция қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында автокөлікті жол жиегіне шығарып, автокөлікті тексеру кезінде, оны ол бойында жөндеуге келмейтінін ұққан. Содан полицейлер автокөлікті тіркеп сүйреуге алып, ауыл тұрғындарын үйлеріне жеткізіп тастаған.

Автомобильдің салонында 87 жастағы жүргізушінің анасы болған, ол полицияға қоңырау шалып, тәртіп сақшыларына зор алғысын білдірді.

– Мен балаларға өте ризамын. Егер полиция қызметкерлерінің дер кезінде көмегі болмаса, онда қанша жолда тұратынымыз белгісіз еді. Балаларға денсаулық, жұмыста табыс және отбасында амандық тілеймін. Мұқият және елгезек полицейлерге көмек көрсеткені үшін үлкен рахмет, – деді Нина Кирилловна.

Айта кету керек, алғыс сөздері – облыс жолдарын күндіз-түні патрульдейтін қызметкерлерін үшін үлкен ынталандыру болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру