Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері бірнеше алаяқтық эпизодтарын тергеуде

Петропавл полициясына алақтық әрекеттер фактісі бойынша бірнеше арыз келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғындары 60 мыңнан 700 мың теңгеге дейінгі түрлі ақша сомаларын бейтаныс адамға қалай бергендері туралы айтып жүгінді.

Олардың біреуі полицейлерге кездейсоқ кездескен адаммен сөйлесе келе, құрылыс материалдарын төмен бағамен сатып алып, базардағы бағамен саудалау арқылы оңай олжаға кенелетініне сеніп қалғаны туралы айтты. Қала тұрғыны құрылыс материалдарын сатып алуға екі рет ақша берген. Сондай-ақ, жаңа танысы өзінің терезе орнатанын айтып, қызметіне алдын ала төлем де алған. Не ақшасын, не олжасын қолына түсіре алмаған жәбірленуші полицияға жүгінді. Келесі бір қала тұрғыны арзан бағамен бензин талонын алмақшы болып, ақшасынан айырылған. Тағы бір жағдайда күдікті досынан жаңа дөңгелектерге ақша алып, қарызын қайтармаған. Жалпы оған қатысты 5 арыз келіп түсті.

Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Петропавл қ. Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған 1983 жылы туған күдіктіні ұстады.

– Алдап-арбаудың тәсілдері алуан түрлі, алайда, жәбірленушілердің барлығын біріктіретін бір нәрсе – бейтаныс немесе аз танитын адамға сеніп қалып, оңай жолмен ақшаларын еселеткісі келетіндіктері, – деді Петропавл қ. ПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары Нұржан Омаров. – Әдетте, алаяқ қандай да бір затты базардағыдан төмен бағамен алып беремін деп сендірген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер Петропавл тұрғындарын түрлі іскерлік ұсыныстарға сақтықпен қарап, бейтаныс адамдарға сенбеуге, алдын ала төлемге келіспеуге шақырады.

Жыл басынан СҚО полицейлері өндіріспен 173 алаятық фактісін аяқтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру