Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек қолын созды

Павлодар облысының полицейлері жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Железиндік полицейлер тәулік бойы көшелерді патрульдеп, қоғамдық қауіпсіздікті қаматасыз етіп ғана қоймай, көмек көрсетуге де уақыт табады.

Мәселен, кеше Железин ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жалғыз тұратын қарт зейнеткерлерге көмек қолын созды. Тәртіп сақшыларына санаулы уақытта қар тазалау еш қиындық туғызбады.

Ауыл тұрғындары Римма Васильевна мен Нуриля Калижапаровна полицейлерге алғыстарын білдірді. Полицейлердің өздері айтқандай, мұндай іс айтуға тұрарлық болмаса да қарттар үшін үлкен көмек.

– Біз әрдайым көмек көрсетуге дайынбыз, әрі азаматтарды жыл мезгілінің суық кезінде бір-біріне түсіністік танытуға шақырамыз, – дейді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру