Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік инспектор Екібастұз тұрғынының жоғалған сөмкесін тауып берді

Учаскелік инспектор Екібастұз тұрғынының жоғалған сөмкесін тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына алғыс хат келіп түсті. Екібастұз қаласының тұрғыны Баян Төлешқызы құжаттары мен ақшасы бар жоғалған сөмкесін тауып берген учаскелік инспекторға жауапкершілігі мен ықыластығы үшін ризашылығын білдірді.

Қала тұрғынының айтуынша, ол азық-түлік алу бірнеше дүкенге барған. Қажет нәрсенің бәрін сатып алып, үйге оралған. Тек үйдің жанында құжаттары мен ақшасы бар сөмкенің жоғалғанын анықтаған.

– Мен не істеу керектігін, қайда бару керектігін де білмедім. Көңілім қатты түсіп қалды. Сол сәтте маған қарай учаскелік полиция инспекторы келе жатты. Ол мені көріп, бірден келіп, не болғанын сұрады. Менің қатты ренжіп тұрғанымды учаскелік инспектор байқап қалған, – деп жазған әйел.

Учаскелік полиция инспекторы Б.Момышұлы көшесіндегі әкімшілік учаскені аралау кезінде көшенің ортасында жылап тұрған зейнеткер әйелді байқаған. Ол құжаттары, карточкалары, зейнетақысы, кілттері бар сөмкесін жоғалтқанын айтты. Қала тұрғынын сабырға шақырып, ол барған жерлерін нақтылап, дүкендерді, көшелерді, кіреберістерді аралай бастады.

– Мен сауда үйлерінің бірінде бейнебақылау камерасын тексердім, онда видеодан оның қолында сөмке болғанын көрдім. Шамамен ол жүрген жерлерге қарай жүріп, көпқабатты үйдің кіреберісінің жанынан сөмкесін тауып алдым, – деді Екібастұз қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы Серік Әбілғазы.

Баян Төлешқызы сөмкесін көріп, қатты қуанды. Барлық құжаттар, заттар мен ақша қаражаттары орнында болған. Содан кейін учаскелік полицей Серік Әбілғазы қала тұрғынын үйіне дейін шығарып салды.

– Учаскелік полиция қызметкері Серік Әбілғазыға алғысым шексіз. Мен не істерімді, қайда баратынымды, мұндай жағдайда не істеу керектігін білмедім. Оның жеделдігінің арқасында сөмкем табылды, – деді өз алғысында қала тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру