Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталған бүлікшілер кінәсін мойындап, ұрланған заттарды жасырған жерді көрсетті. Бұл жолы жасырын орын ұлттық парк аумағында, орман белдеуінде орналасқан.

– Тапаншалар, патрондар, полиция киімдері салынған пакеттер жердегі кәрізге жасырылған. Үш тапанша, бір жауынгерлік және 15 граната, Макаров тапаншасынан 100-ден астам патрон, Калашников автоматынан – 107, аңшылық мылтықтан – 16, екі оқ өтпейтін жилет, противогаз, радиостанция, полиция формасы, камуфляждық рюкзак, сонымен қатар, 2 400 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша табылды. Қару-жарақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған болуы мүмкін. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД СИ-18 жедел жұмыс жөніндегі бастықтың орынбасары Азамат Аманжолов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру