Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы басталды

Павлодар облысында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында 13-19 қаңтар аралығында Павлодар облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу жоспарланған.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде жалға берілетін пәтерлерді, саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстауларды және басқа да шалғай жерлерді, оның ішінде азаматтарды еңбекке пайдалану, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау тұрғысынан тексеру жүзеге асырылатын болады.

– Іс-шараның негізгі міндеттерінің бірі – спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру фактілерінің жолын кесу арқылы жедел жағдайды сауықтыру, – деді полицияда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру