Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арнайы контингенттермен байланысқа түсетін қызметкерлерге дәріс оқытылды

ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің арнайы контингенттермен байланысқа түсетін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің барлық қызметкерлеріне жадынама таратылып, арнайы дәріс оқытылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесінің барлық қызметкерлеріне, психологтарға және бөлімше қызметтеріне қызметте пайдалану үшін ұсынған «Өз-өзіне қол жұмсауға, өзіне дене жарақатын салуға және ас қабылдаудан бас тартуға бейім сотталғандармен жұмыс жасау жөніндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлеріне арналған» жаднаманы Нұр-Сұлтан  қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесінің әр қызметкеріне таратылып, кәсіби даярлық сабағында қосымша дәріс оқытылды.

Жаднама қызметтік ахуалды тиімділігі мен беріктілігін төмендетуге әкеп соқтыратын, әлеуметтік бейімсіздену белгілері бар, психологтың алдын-алу есебіне алынған, өз-өзін қол жұмсауға, өзіне дене жарақатын салуға және ас қабылдаудан бастартуға бейім сотталғандармен байланысқа түскен кезде қиын жағдайларда бағыт алуға көмектеседі.

Қызмет барысында әдістемелік құралдарды тиімді пайдалану әр қызметкердің кәсіби бейімділігінің жоғарылауына, сотталғандармен қарым қатынасты заңдылық тұрғысында орнатуға, жалпы мекемедегі жедел жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

2020 жылдың есептік кезеңінде ЕЦ-166/10 мекемесінің психология қызметі сотталғандар арасында бірқатар іс-шаралар атқарды. Атап өтсек, топтық психологиялық тренингтер, жеке кеңес беру, әлеуметтік қарым қатынасын  арттыру (жақын туыстарымен ара қатынасын түзеуге ықпал ету), ортаға бейімдеуге арналған арнайы  сұхбаттар, тестілеулер өткізілді.

Аталған іс-шаралар әр сотталғанның жалпы психологиялық ерекшеліктеріне оң әсерін береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру