Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қараусыз қалған мал – барымташыға жеңіл олжа

23 мамырда жол-патрульдік полициясы ротасының қызметкерлері “Павлодар-Железинка” автожолында патрульдеу кезінде қараусыз жүрген сиырларды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Биыл жылдың басынан бері облыс бойынша 680 бас мал айыптұрағына орналастырылды. Облыс аумағында барлығы 125 айыптұрағы орнатылған.

Полиция қызметкерлерімен аталған мал Тереңкөл ауданының Жаңабет ауылының тұрғындарына тиесілі екені анықталды. Тәртіп сақшылары айып тұрағына малды қамады. Осы факті бойынша жиналған материалдарды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту үшін ветеринария органдарына жіберілді.

Павлодар өңірінде 2020 жылғы 23 мамыр күні ішінде полиция қызметкерлері айыптұрағына 200 бас мал қойды, бұл меншік иелері мен бақташылардың өз мүліктеріне немқұрайлы қарағандығын куәландырады.

Айта кету керек, ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес мал ұрлығы үшін жауапкершілік күшейтілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы  (мал ұрлығы) бойынша кінәлі адамдар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру