Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арнайы рейд: Талдықорғандықтар карантин режимін қалай сақтауда

Талдықорғандықтар карантин режимін қалай сақтауда арнайы рейд ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің 13 сәуірдегі №6 қаулысында көрсетілген барлық қажетті шаралар мен карантин режимінің талаптарынының қала тұрғындарымен сақталуы полицейлердің жеті бақылауында. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдар, қоғам белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қала бойынша рейд ұйымдастырылды. Кешкі рейд барысында тәртіп сақшылары 60-тан астам құқық бұзушыны жауапкершілікке тартқан.
Патрульдік полиция қызметкерлері автопатрульдеу режимінде жүргізушілер тарапынан карантиндік режимнің сақталуына тексеру жүргізді. Осылайша, автокөлік салонында 3-тен астам жолаушы тасымалдаған 10 жүргізуші анықталды.
Жаяу нарядтар қоғамдық орындарда және көшелерде негізсіз жүрген тұрғындарды, оның ішінде заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерді және қарт адамдарды қадағалауда. Тексеру барысында түнгі және кешкі уақытта себепсіз жүрген 15-тен астам азамат анықталған.
Өз кезегінде полицияның учаскелік инспекторлары тізім бойынша тыйым салынған нысандардың жұмысына қатысты талаптардың бұзылу деректерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізді. Іс-шара шеңберінде карантин жағдайында заңсыз қызметті жүзеге асырған 5 сауда нүктелерінің иелеріне қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді.
«Жалпы, кейбір азаматтарды қоспағанда қала тұрғындары жеке қорғану құралдарын пайдалануда жауапты», – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Тәртіп сақшылары көшеде медициналық бетперделерсіз жүрген ондаған адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, ескерту жасады.
Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап Талдықорған қаласында барлығы 170 төтенше жағдай режимін бұзу дерегі анықталған, оның ішінде 17-сі сауда объектілерінің жұмыс режимін шектеу бойынша талаптарды бұзу дерегі, 65-і халық көп шоғырланатын орындарда 3 адамнан көп адамдар тобының жиналуы және медициналық бетпердесіз жүру дерегі , 18 дерек заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандарға қатысты, 70 дерек жеке көлікте үш жолаушыдан астам адам тасымалдағандарға қатысты.
Аталған барлық деректер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру