Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметкерлер қорғаныс костюмдерімен жабдықталды

Солтүстік Қазақстан облысында блокбекеттерде кезекшілік атқаратын қызметкерлер қорғаныс костюмдерімен жабдықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Пандемияға қарсы күресудегі ортақ істе карантин аумақтарында және 5 блокбекетте кезекшілікте жүрген қызметкерлердің иықтарына зор жүк артылған. Жұмыс кезінде қызметкерлер өз денсаулықтарын қатерге тігіп, жүздеген адамдармен байланысқа түседі.

“Батыс” бекетінде полицейлер Қызылжар, Мамлют, Жамбыл аудандарының қала маңындағы елді мекен тұрғындарының автокөліктерін тексереді. Блокбекеттің жетекшісі СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бөлім бастығы Евгений Богачевтің сөзінше, ауысым құрамына полиция қызметкерлері, ветеринария қызметі, медициналық қызметкерлер және әкімдік қызметкерлері кіреді Кезекші ауысым керек-жарақтың барлығымен жабдықталған: денеге тигізбейтін термометрлермен, дезинфекция құралдарымен, жеке қорғаныс құралдарымен, қолғаптармен, маскалармен, костюмдермен.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, қызметкерлердің денсаулықтарын сақтауды қамтамасыз ету ерекше бақылауда. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен бірыңғай үлгіде көп рет қолданылатын обаға қарсы қорғаныс костюмдері әзірленіп, пайдалануға берілді. СҚО-да оларды тігумен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті айналысады. Бүгінгі күні солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларының 68-і қорғаныс костюмімен жабдықталған, бір-екі күнде тағы 250 жиынтық дайын болады.

СҚО ПД Медициналық қызметінің қызметкерлері блокбекеттердегі санитарлық-эпидиомологиялық жағдайға күнделікті мониторинг жасайды. Бұдан басқа, өткен аптадан бастап полицейлерде қауіпті инфекцияның бар-жоғын анықтау үшін медициналық тексеріс жүргізілуде. Облыстың бекеттеріне жұмылдырылған 280 полицей тексерістен өтті. Барлығының нәтижесі – теріс. Жуырда медицина қызметкерлері солтүстікқазақстандық полицияның жеке құрамын түгел тексермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру