Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арқалықта полицей тұрғынның жоғалған велосипедін тауып берді

Арқалықта полицей тұрғынның жоғалған велосипедін тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арқалық қаласының тұрғыны Ерлан Әбдуашев тәртіп сақшыларының атына алғыс хат жазған. Алғыс хатында полицейлер кез-келген жағдайда көмекке келе алатындығын айтқан.

– Менің бес жасар қызымның велосипеді үйдің кіреберісінен жоғалып кеткесін, қызым қатты қапаланды. Біз полицияға басында хабарласқымыз келмеді. Себебі, тәртіп сақшыларының бұдан да маңызды жұмыстары бар екенін білдік. Бірақ қызымыз: – Мен велосипедімді тапқым келеді, – дегесін, амал жоқ 102 телефонына хабарластық, – деп жазды Ерлан Әбдуашев.

Велосипед жоғалған үйге Арқалық қаласының криминалдық полициясының қызметкері Бекназар Майленов барып, жоғалған затты табу үшін барлық шараларды қабылдаған. Белгілі болғандай, балалар велосипедті алып, оны тұрғын үйдің аулаларының біріне тастап кеткен.

– Біз жоғалған велосипедті қызға тауып бердік. Ол қатты қуанып кетті. Әрине, менің де екі балам бар болғасын олардың өтініштеріне жауап берудің қаншалықты маңызды екені түсінемін, – деді полиция қызметкері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру