Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Арқан» мобильді кешендерінің жұмыс нәтижелері айтылды

Жамбылдық полицейлер «Арқан» мобильді кешендерінің жұмыс нәтижелері туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2019 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апат деңгейін тұрақтандыру мақсатында «Арқан» автоматтандырылған мобильді кешендері сатып алынды.

Айта кетерлігі, «Арқан» мобильді кешені полиция қызметкерінің қатысуынсыз жолдың бақыланатын учаскесі арқылы өтетін барлық көлікті тіркеуге, нөмір белгілерін, түсі мен маркасын тануға қабілетті. Алайда, жаңа техникалық құралдарды енгізудің басты мақсаты – жылдамдық режимін бұзушыларды анықтау.

Осыған байланысты, республикалық маңызы бар автожолдарға қызмет көрсететін ПД патрульдік полиция батальонының «Джак» маркалы он патрульдік автомашинасына заманауи техникалық жабдық орнатылды.

2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін «Арқан» МК жабдықталған автокөліктер республикалық автожол арқылы өтетін елдімекендерде апаттық-қауіпті учаскелерде қойылады, бұл ретте, байланыс тұрақтылығы және өтіп бара жатқан көліктерді онлайн режимде уақтылы тіркеу мақсатында интернетке қосылған GSM сигналы ескеріледі. «Арқан» МК ең алдымен апаттылықты азайту, қылмыстарды ашу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруға арналған, бірақ жаңа техникалық құралдарды енгізудің басты мақсаты жылдамдық режимін бұзушыларды анықтау болып табылады.

Нақты уақыт режимінде мобильді байланысты пайдалана отырып, мәліметтер мен бейнеақпарат автоматты режимде полицияның деректерді өңдеу орталығына және ҚР Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне (ӘӨБТ) беріледі.

Процессингтік орталығынан алынған мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы «Арқан» МК-мен ЖҚЕ бұзудың 26 151 дерегі анықталды.

Облыстың Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен патрульдік полиция батальонының басшылығымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ЖКО ескерту және алдын алу үшін полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметіне цифрлық технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.

Құрметті жүргізушілер, сіздерден жол қозғалысы ережелерін бұзбауды және жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз. Сіздің қауіпсіздігіңіз – сіздің қолыңызда!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру