Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл шетелдіктердің ҚР-да болу тәртібі туралы айтылды

2021 жылғы 5 қаңтардан бастап шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібі туралы айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының аумағында короновирустық инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 29 желтоқсандағы шешіміне сәйкес бірқатар іс-шаралар қабылданды:

– Жол жүру құжаттарының, шетелдіктің тұруға ықтиярхатының, Қазақстан Республикасының визаларының, Қазақстан Республикасында уақытша болуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен немесе өтіп бара жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың 2021 жылғы 5 маусымға дейін шығуына әкімшілік жауапкершілікке тартусыз рұқсат етіледі.
шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдардың азаматтығы бар елмен немесе тұрақты тұратын, рұқсат етілген транзиттік жол жүру елімен тікелей көліктік қатынас(авиа, авто және темір жол қатыныстары, сондай-а жаяу жүру тәртібінде) болмаған кезде шығарып жіберу туралы сот шешімін өз бетінше орындау мерзімдері ішінде тоқтатылды.

2021 жылғы 5 маусымға дейін шетелдіктердің болу (визалар, уақытша тұруға арналаған рұқсат) мерзімі ұзартылады.
1) еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаты немесе жергілікті атқарушы орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілікке сәйкес келуі туралы анықтамасы бар шетелдіктердің болу мерзімі ұзартылады. Виза, уақытша тұруға арналған рұқсат шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның келу мақсатында мәлімделген талаптар ескерілмей беріледі.
2) отбасымен бірігу мақстында Қазақстан Республикасының аумағында жүрген және азаматтығы бар елден құжаттар ұсыну мүмкіндігі жоқ шетелдіктердің болу мерзімі ұзартылады. Виза шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның келу мақсатында мәлімделген талаптары ескерілмей беріледі.
3) рұқсат беру-ұзарту, қайта ресімдеу туралы өтінішпен жүгінген еңбекші көшіп келушіге ресімдеу “Халықтың көші-қоны туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 2-тармағының талаптарын есепке алмай (Еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында үзіліссіз уақытша тұруының ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс) жүзеге асырылады.

Осыған орай, Қызылорда облысының аумағында жүрген, рұқсат құжаттарының мерзімі өткен немесе мерзімі бітуге жақын шетел азаматтар өздерінің құқықтық мәртебелерін уақытында реттеу үшін аумақтық көші-қон қызметіне жүгінуі керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.