Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері желтоқсанда орын алған тонауды ашты

Петропавл полицейлері желтоқсанда орын алған тонауды ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері желтоқсан айының ортасында жасалған тонауды ашты. Сол кезде белгісіз қылмыскер Сәкен Сейфуллин көшесі бойындағы үйлердің бірінің подъезінде 55 жасар қалалықтың “Xiaomi Redmi” телефонын ашық түрде иеленген. Шығын сомасы 30 мың теңгені құрады. Полицейлер күдіктіні сол күні анықтады – бұрын ұрлық, тонау және бұзақылық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған Петропавл қ. 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Алайда тұрғылықты жерінде және болуы ықтимал басқа да мекенжайларда болмай шықты. Оны тек бір айдан соң қолға түсіру мүмкін болды. Қазіргі уақытта ол әкімшілік қамауда: келуі туралы міндеттемеге қол қойып үйіне қайтқан ол, масаң күйде жанжал шығарып, анасын ұрып тастаған. 

– Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша тергеу жүргізілуде, – дейді Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов. — Күдіктінің айтуынша, телефонды сатып жіберген, ұрланған мүлікті іздеу бойынша шара қабылдануда. Қылмыскерді “ізін суытпай” ұстау мүмкін болмаса да, бұрын жасалған қылмыстарды ашу жұмысы тоқтатылмайды. Жұмыстың бұл бағыты облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

2020 жылы СҚО полицейлері бұрын жасалған 1211 қылмысты ашты, оның ішінде 284-і өткен жылдар санатына жатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру