Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыста өзгенің велосипедін жымқырған бұрын сотты болған ер адам анықталды

Арыста өзгенің велосипедін жымқырған бұрын сотты болған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өзіне тиесілі «Айс» маркалы велосипедінің ұрланғанын хабарлаған. Саябақтағы тазалық жұмысымен айналысатын жұмысшы өзіне міндеттелген жұмысты атқарып болып, сәл демалып алуға жатқанында, жанына қойып қойған 20 мың теңгелік велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпарат алысымен оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары келіп, велосипед ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті. Полицейлер саябақты түгел қарап, аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алып, осы аймақта орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Полицейлер олардың бірінен бейтаныс ер адамның велосипедті алып, белгісіз бағытқа жасырынғанын анықтады. Күдіктінің белгілерін алған полицейлер, оның жеке-басы мен мекенжайын анықтап, ұстау шараларын жүргізді. Іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні 2-3 сағат ішінде өз үйінен «ізін суытпай» ұстады. Осылайша бұрын сотты болғанына қарамастан, нәтиже шығармай қайта қылмыс жасаған күдікті ер адам өз қылмысын толық мойындады.
Белгілі болғандай, күдікті велосипед иесінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, қараусыз тұрған бөтеннің мүлкін қолды еткен. Содан оны сатып, ақшасын бас пайдасына жаратпақшы болған. Алайда полицейлердің кәсіби шеберлігі арқасында күдікті дер кезінде ұсталып, одан айғақты зат ретінде велосипед тәркіленіп алынды. Күдіктінің бас шарасы «келу туралы міндеттемеде».
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру