Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыстық полицейлер 30 игі іс аясында сала ардагерлеріне экскурсия ұйымдастырды

Арыстық полицейлер 30 игі іс аясында сала ардагерлеріне экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қылмыспен күресуден бөлек, еңбек жолында қайырымдылық жасау сынды игі іс-шараларда өздерінің белсенділіктерін таныта біледі.

Облыс аумағында «шкі істер органдарының құрылғанына 30 жылдық мерейтойдың өтілуіне орай бастау алған «30 игі іс» қайырымдылық марафоны қазіргі таңда өз жалғасын табуда. Аталған мерекеге орай 30 игі іс шарасын бұл жолы арыстық полицейлер өткізді.

Арыс аудандық полиция бөлімі бастығының бастамасымен тәртіп сақшылары бөлім қызметінен шекті жасынан зейнеткерлікке шыққан 35 ардагердің басын қосты. Ішкі істер органдарында жұмыс жасаған ардагерлермен Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне барып, Керуен сарай кешенінде серуендеп, әңгіме дүкен құрды. Бұндай жиынға келгендер өздерінің ерекше сезімдерін айтып, әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ардагерлерге арнап дастархан жайды.

– Осындай игі шарада бізді елеусіз қалдырмаған полицейлерге алғыс білдіреміз. Еңбек жолында жұлдыздарың жана берсін. Жұмыстарыңа сәттілік тілейміз, – деп ардагерлер ризашылықтарын білдіріп, мәз-мейрам болып тарқасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру