Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық әйел шекарадан жұмысшылар шығарып беремін деп тұрғынды алдап соққан

Сарыағаштық әйел шекарадан жұмысшылар шығарып беремін деп тұрғынды алдап соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Ордабасы ауданының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша, танысы Өзбекстан Республикасынан жұмысшылар шығарып беремін деп 915 мың теңге ақшасын алған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Осыдан соң полиция қызметкерлері күдіктіні ұстауға бағытталған жедел іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті медреседе жұмыс жасаған. Жәбірленуші медресеге жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында жиі барып жүреді. Екеуі сол жерде танысып, бірнеше жыл бойы араласқан.

Содан жәбірленуші танысына жұмысшылар қажет екендігін айтқан. Күдікті әйел таныстарының барын, оған көмектесетіндігін айтып, ақшасын алады. Алайда берген уәде орындалмай бір айдан аса уақыт өткен соң жәбірленуші полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру