Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер жоғалған 13 жастағы қызды Шымкенттен тапты

Мақтааралдық полицейлер жоғалған 13 жастағы қызды Шымкенттен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның кәмелет жасына толмаған қызы өзінің тұрғын үйінен таңғы сағат 08:00 шамасында мектепке кітап өткізуге кетіп, қайта оралмаған. Өзі іздеп таппаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Аталған жайтты естіген бойда полиция қызметкерлері жедел оқиға орнына жетті.

Тез арада іздестіру жұмыстарын жүргізіп, көрген-білгендерден жауап алды. Ақпарат көздері арқылы жасөспірімнің Шымкент бағытына белгісіз көлікке мініп кеткені анықталды. Ал тәртіп сақшылары жасөспірімнің дін-аман табылуы үшін іздестіруді Шымкент қаласында жалғастырды.

Полицейлер екі күн бойы тыңғылықты жұмыс атқарды. Нәтижесінде, 13 жастағы қызды Шымкент қаласында қыдырып жүрген жерінен тапты. Анықталғандай қыздың үйінен кетуіне үйдегі жанжал себеп болған.

– Аудандық полиция қызметкерлеріне қызымның жоғалғандығын айтып, тауып берулерін сұраған едім. Олар кәмелет жасына толмаған қызымды Шымкент қаласында жүрген жерінен тауып берді. Сіздерге алғыс айтамын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді табылған қыздың анасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру