Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыстық полицейлер балалар үйіне қайырымдылық жасады

Арыстық полицейлер балалар үйіне қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың осы жылды “Балалар жылы” деп жариялануына байланысты Арыс АПБ-нің тергеушілері қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Яғни, Т. Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балаларға базарлық ретінде спорттық заттар, ән тыңдауға арналған дыбыс динамигі, құлаққап пен басқа да қажетті заттарды алуға қаржылай сыйлық берді. Ал ондағы бүлдіршіндер полицей ағаларынан келген сый-сыяпатты қуанышпен қабылдап, өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі.

Іс-шара соңында мекеме басшысы Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне өз алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

– Қызығы мен қаупі мол, қарбаласқа толы жұмыстарыңыздан уақыт тауып, біздің балалармен бірге уақыт өткізгендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Сіздердің де отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жұмыстарыңызды абыроймен атқарып жүре беріңіздер, – деп ризашылығын білдірді мекеме басшысы.

Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Ал Түркістан облысының тәртіп сақшылары балалар үйі мен ерекше балаларға қашан да қолдау білдіріп, олардың өмірге деген қызығушылығын арттыру үшін қастарынан табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру